19 мамыр 2022 09:18

Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткердің 5 миллион теңгесін тартып алған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️Тұрар Қазанғапов ©️Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткерді тонап кеткен. Оқиға 13 мамырға қараған түнде болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Жамбыл облысында қарақшылар зейнеткерді тонап кеткен. Оқиға 13 мамырға қараған түнде болған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Мойынқұм ауданының 82 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 13 мамырға қараған түні бетперде киген 2 белгісіз адам жасырын түрде жазғы ас үйіне кіріп, жалғыз өзі ұйықтап жатқан жерінен күш қолданып, шабуыл жасағанын айтқан. Осылайша, ұрылар зейнеткердің жастығының астында жатқан 5 миллион теңгені ұрлап кеткен. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша соталды тергеу басталған. Сонымен қатар, бірқатар қажет сараптама тағайындалған.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер 1977, 1984, 1987, 1985 жылдары туған 4 ер адамды анықтады. Оның үшеуі - Қордай ауданының тұрғыны, біреуі - Алматы облысының тұрғыны. Тергеу барысында ұсталғандар 13 мамырға қараған түні алдын ала сөз байласу арқылы Мойынқұм ауданына қылмыс жасау үшін келгені анықталды. 35 жастағы күдікті жәбірленушінің туысы әрі одан бірнеше рет қарызға ақша сұраған. Ол серіктестеріне кеңес берген", - делінген хабарламада.

Қазір 3 күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамалған. Сондай-ақ, қылмысқа қатысқан тағы бір адамның орналасқан жері анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети