20 ақпан 2023 | 17:11

Жамбыл облысында қарулы адамдар тобын ұстау сәті видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жамбылдық полицейлер қарулы қылмыскерді ұстау барысының видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбылдық полицейлер қарулы қылмыскерді ұстау барысының видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 ақпанда Сарысу аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру мақсатында қару сақтады деген күдікпен Жаңатас қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтаған. Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті Mercedes-Benz автокөлігінен шығу туралы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық көрсетіп, қашпақ болып, нәтижесінде көше бойында тұрған көлікті соғады.

"Сол мезетте жүргізушінің алдыңғы есігін ашып, сыртқа шығармақ болған полиция қызметкерін көлігімен бірге асқан жылдамдықпен сүйреп алып кетеді. Оны тоқтату мақсатында полиция қызметкерлері алдымен ауаға, одан соң көліктің дөңгелегіне оқ атқан соң автокөлік аялдамаға соғылады. Соған қарамастан, күдікті және көлікте бірге болған үш танысы (Жаңатас қаласының 31, 29 және 26 жастағы тұрғындары) бой тасаламақ болған, алайда полиция қызметкерлерімен олардың барлығы ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, күдіктінің көлігінен 12 калибрлі МР-153 тегіс ұңғылы мылтығы 4 дана оғымен, 1 ауызды 410 калибрлі Сайга-410 тегіс ұңғылы мылтығы 13 оғымен, 5,6 миллиметр калибрлі Марголин тапаншасы 7 дана оғымен, 1 дана оққағар (бронежилет), 1 дана газды-дыбысты гранатасы және асхана пышағы тәркіленген.

Одан бөлек, оның Жаңатас қаласындағы тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізу барысында пневматикалық BORNER тапаншасы, 6 оқ және матаға оралған ерекше иісі бар шөп тәрізді зат табылған.

"Күдікті медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, есірткі тұтынғаны анықталды. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері"), ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды", - делінген хабарламада.

Сот-медициналық және сот-баллистикалық сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети