15 қыркүйек 2017 | 09:06

Жамбыл облысында қоныс колониясынан 6 адам қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК кадры КТК кадры

Жамбыл облысында қоныс колониясынан 6 адам қашып кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында қоныс колониясынан 6 адам қашып кеткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Колония басшылығы қашқындарға іздеу жариялады. Тілшілердің мәліметінше, бұл азаматтар алаяқтықпен айналысып, және ұсақ-түйек ұрлық жасап түрмеге түскен. Сөйтіп, жақсы тәртіптері үшін қоныс колониясына ауыстырылып, тіпті жұмысқа да орналасып алған.

Алды бір жыл бұрын шығып кетіп оралмаса, соңғысы осыдан екі апта бұрын жұмысқа деп кетіп, содан ары ізім-ғайым жоғалған. Барлығы Алматы облысының тумасы. Енді олар қолға түссе, қосымша жаза тағайындалады.

"Қашып жүрген алтаудың ішінде екеуінің жаза мерзімі аяқталған. Біреуіне бір ай қалған кезде мекеме аумағынан кетіп қалған. Екіншісінің осы тамыздың 26-да жаза мерзімі аяқталып, босап шығу керек еді. Қалғандарына бір жылдай бар әлі", - деді ЖД-158/5 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Төлен Бұзауов (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети