Жамбыл облысында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" филиалы - "Жамбыл жүк тасымалы бөлімі" ЖШС басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" филиалы - "Жамбыл жүк тасымалы бөлімі" ЖШС басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасымен бірлескен жедел іс-шаралар аясында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалы - "Жамбыл жүк тасымалы бөлімі" ЖШС бастығы 800 мың теңге көлемінде пара алды", - делінген хабарламада.

Шенеунік жыл сайынғы есеп құжаттарын кедергісіз қабылдау және одан әрі қамқорлыққа алу үшін қаражат алғаны айтылды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін ақша бопсалады деп айыпталған полиция қызметкері 7 жылға сотталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети