Жамбыл облысында құлдыққа салынған оқушы қыз жүкті болып қалды

08 Сәуір 2014, 11:15
0
Жамбыл облысында құлдыққа салынған оқушы қыз жүкті болып қалды - ©"Экспресс К"
©"Экспресс К"

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы бір айға жуық уақыт бойы құлдықта болған деп жазады "Экспресс К".

Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы - Құланда тұратын жасөспірімді өткен күзде Тараздағы танысы қонаққа шақырған. Оқушы қыз 21 жастағы қызбен бірге екі бөлмелі пәтерге орналасады. Бұл пәтерде оларға дейін тағы екі қыз тұрып жатқан. Жеңгетай әйел қыздарға көшеге шығуға тыйым салып, күніне 7-8 клиентке жезөкшелік қызмет көрсетуге мәжбүрлейді. Қашып кетпек болған оқушыны ұрып-соғады.

Қыз бала бұл тұтқында бір айға жуық отырған. Кейін жеңгетай әйелдің өзі қыздарды үйлеріне жеткізіп тастапты. Осы оқиғаға байланысты адам саудасы және кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басылымның хабарлауынша, оқушы қыз өзінің сіңлісімен бірге өгей шешесінің қолында тәрбиеленген. 44 жастағы әйел спиртті ішімдікке әуестігі үшін ауруханадағы жұмысынан шығарылған. Жуырда оны көлік қағып кеткендіктен екі қыз әбден жетім қалды.

Қазіргі уақытта құлдықта болған қыздың сіңлісі Тараздағы жетім балалар үйіне орналастырылды. Ал өзінің аяғы ауыр болып шықты. Ол іштегі сәбиін алдырып тастаудан бас тартып, үйіне келді. Мектеп директоры оның үйден дәріс алуын ұйымдастырып, пәтерінің төлемдерін өтеп берді. Сонымен бірге, мектептің ағаш шебері мен тазалықшысы оның пәтерін әктеп, есік-терезесін жөндеді. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай