Жамбыл облысының прокуратура өкілдері азаматтарды ұрлаудың жауапкершілігі барын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысал ретінде ауданда болған оқиғаны келтірген.
Жамбыл облысының прокуратура өкілдері азаматтарды ұрлаудың жауапкершілігі барын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мысал ретінде ауданда болған оқиғаны келтірген.
2018 жылы күзде Түркістан облысының тұрғыны Жамбыл облысы Қордай ауылында тұратын қызбен танысқан. Біраз уақыт бойын әлеуметтік желі арқылы араласқаннан кейін, жігіт қызды алып қашпақшы болған. Өзінің үш жолдасымен ақылдасқан ол Қордайға келген.
"Келгеннен кейін ол қызға телефон шалып, кездесуге шақырған. Алайда қыз келіспеген. Жігіттер қызды аңдып, үйіне келген. Қыздың қарсылығана қарамастан олар оны алып қашып, Түркістан облысына кетіп қалған", - дейді прокуратура.
Қаладан шыға берісте оларды полиция өкілдері ұстаған. Қордай аудандық сотының шешімі бойынша Түркістан облысының төрт тұрғынын қыз алып қашқандары үшін жеті жылға соттап, көлігі тәркіленіп, мемлекет мүлігіне айналған.