01 қараша 2019 13:50

Жамбыл облысында лауазымды тұлғалар жемқорлық үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Жамбыл облысының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Жамбыл облысының бірқатар лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі алаяқтық жасады деген күдік бойынша Ақмола облысының Экономикалық тергеу қызметінің тергеушісі, 5-санатты біліктілік сыныбы (аға лейтенант) К.Е. Көбегеневке, 82796 ә/б 2-ші ауыр-гаубица артиллериясы дивизионының командирі майор Р.Х. Бастыбаевқа және азамат Б.К. Ағдавлетовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар осы әскери бөлімнің 8-ші ауыр-гаубица артиллериясы батареясының командирі капитан Б. Мұратұлынан бұрын келісілген 9 млн. 106 мың теңгенің 1 млн. 700 мың теңгесін алаяқтық жолмен, соңғысына қатысты тергелетін қылмыстық іс бойынша мәселені оң шешуге жәрдем көрсету желеуімен алған деген күдікке ілінген болатын", - делінген хабарламада. 

Бұл ретте азамат Ағдавлетовтың қылмыстық іс-әрекеттері оның өз бетінше билік өкілі (прокуратура органдарының қызметкері) атын жамылуымен ұштасқан.

"Биыл 30 қазанда Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Көбегенов 7 жылға бас бостандығынан және біліктілік сыныбынан айырылды. Осы үкіммен Бастыбаев "майор" әскери атағынан айырып, оны 5 жылға бас бостандығын шектеді және Ағдавлетовке 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети