Жамбыл облысында мотоцикл жүргізушісіне пышақ шабуылы жасалды: оқиғаның мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында мотоцикл жүргізушісіне пышақ шабуылы жасалды: оқиғаның мән-жайы видео кадры

Оңтүстік Қазақстанда мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік желіде ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда мотоцикл жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік желіде ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады.

Жамбыл облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде мотоцикл жүргізушісі пышақталған. Қазір әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда мотоцикл жүргізушісінің жанармай құю бағанасына қарай беттеп бара жатқанын, оның артынан бір ер адамның ілесіп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте ер адам қалтасынан пышаққа ұқсас затты шығарып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше рет соққы жасайды.

Видеоға қарағанда, олардың арасында бұған дейін қандай да бір жанжал болғаны байқалады. Алайда жәбірленуші мұндай шабуылды күтпегені анық көрініп тұр. Шабуыл жасаған адам кейін ақ түсті көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жетуін қамтамасыз еткен. Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Өміріне қауіп жоқ.

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті қылмыс ізін суытпай қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда.

Жаза бұлтартпастығы қағидасы толық сақталатын болады. Барлық кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады", - деп жазды ІІМ басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Саденов Ержан Сапарбекович (@sadenov_online)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети