Жамбыл облысында полицейді ұрып, көлігін ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында полицейді ұрып, көлігін ұрлап кеткен Фото Tengrinews.kz

Жамбыл облысында мас бұзақылар полицейді ұрып кетті. Оқиға Шу қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында мас бұзақылар полицейді ұрып кетті. Оқиға Шу қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Полицей кешке жұмыстан қайтып келе жатқан. Сол кезде Қонаев көшесінде үш жігіт жол бермеген. Полицейдің жол беріңдер деген талабын орындамай, күш көрсетіп, қызметтік көлігін алып кеткен.

Олар бірден ұсталды. Шу қаласының тұрғындары, үшеуінің де жасы 30-да.

"Қазір аталғандарға қатысты ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша, яғни билік өкіліне топ болып күш көрсету дерегіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Санкция бойынша 7-ден 12-жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы Мақсат Жаманқұлов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети