18 ақпан 2016 13:08

Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырып жіберген әйел өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жамбыл облыстық прокуратурасының өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында әйелдің жаңа туған сәбиді көліктен лақтырып жіберуінің себептерін атады. Прокурорлардың мәліметінше, әйел қызының кәмелетке толмай босанып қалғанына байланысты туыстары мен ауылдастарының алдында масқара болғандықтан және ұялғандықтан осы іске барғанын мойындаған.


Жамбыл облыстық прокуратурасының өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында әйелдің жаңа туған сәбиді көліктен лақтырып жіберуінің себептерін атады. Прокурорлардың мәліметінше, әйел қызының кәмелетке толмай босанып қалғанына байланысты туыстары мен ауылдастарының алдында масқара болғандықтан және ұялғандықтан осы іске барғанын мойындаған.

Қазіргі уақытта 54 жастағы күдікті қамауда. Ал кәмелетке толмай босанған қыз Алматы қаласындағы туыстарының үйінде. Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. 

"Сотқа дейінгі тергеу барысында осы іс бойынша сәби мен оны босанған 16 жастағы қызға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, ал күдіктіге қатысты сот-наркологиялық сараптама тағайындалды, босанған қыз бен оның анасына қатысты сот-психиатрлық сараптама тағайындалды, сонымен қатар, оларға қатысты қанға және киімдегі қанға сот-биологиялық қан сараптамасы тағайындалды. Әзірше осы аталған сараптамалардың қорытындысы дайын емес. Күдіктінің психикалық жағдайы тұрақты, нормадан ауытқу жоқ, алайда ісіне өкінеді, себебі оның ісі қылмыстық жауапкершілікке апарып соғады", - деп хабарлады процессуалдық прокурор Бекбала Ақылбеков.

Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қуанышев сәбидің әкесінің аты-жөнін атады - 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов, Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен, ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан еді.

Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, Үшарал ауылдық округінің әкімі, Талас ауданының бас дәрігері мен оның орынбасары қызметтерінен кетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети