Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастаған келіншек сотталды

11 Сәуір 2016, 18:01
0
Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға тастаған келіншек сотталды -

Жамбыл облысында өзінің сәбиін әжетханаға тастаған 21 жастағы келіншек бір жарым жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық сотқа сілтеме жасап.

"Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы бойынша ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") айыпты деп танылды. Сот оны 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырады, ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - деп оқыды үкімді судья Ғазиз Аманбаев. Айта кетейік, қыз сот залында қамауға алынды. Оны ата-ана құқығынан айыру басқа сот өндірісінде шешіледі.

Еске салайық, оқиға 2016 жылдың 3 қаңтарында болған еді. Абай ауылының маңындағы жолдың жиегіндегі қоғамдық әжетханадан тірі сәби табылған. Сәби онда бір сағат бойы жатып қалған, оны жүргізушілер көріп қалған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай