Жамбыл облысында шенеунік орынбасарының лауазымын сатпақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында шенеунік орынбасарының лауазымын сатпақ болған Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында шенеунік өзінің орынбасары лауазымын сатпақ болған. Бұл туралы онлайн-брифингте Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін 2 миллион теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +19
Атырау +26
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +19
П
Павлодар +19
Петропавл +18
С
Семей +21
Т
Талдықорған +19
Тараз +22
Түркістан +22
О
Орал +19
Ө
Өскемен +21
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер