Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды Сурет: Tengrinews.kz

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Жамбыл облысының полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. Бұл - Тұрар Рысқұлов ауданындағы мектеп түлектерінің кортежі екені белгілі болды.

"Toyota Land Cruiser Prado, Audi 80, BMW 735, VAZ210540 және екі Toyota Самму автокөліктерінің жүргізушілеріне патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы "жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бойынша әкімшілік жауапқа тартты", - деп хабарлады ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети