Жамбыл облысында тұрғын ас үй пешін ұрлау үшін күрделі айла құрастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тұрғын ас үй пешін ұрлау үшін күрделі айла құрастырған Кескін Midjourney нейрожелісінің көмегімен жасалған

Жамбыл облысында тұрғын күрделі айла құрастырып, пәтерге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысында тұрғын күрделі айла құрастырып, пәтерге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облыстық соты тұрғын үйге заңсыз кіріп, ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адамның ісін қайта қарады.

Бірінші сатыдағы сот 2025 жылғы желтоқсанда облыс тұрғыны WhatsApp желісінде есік құлпын ауыстыру туралы хабарландыру жариялағанын анықтады. Бұл ұсынысқа сотталушы жауап беріп, жұмысты орындауға келіскен.

Жәбірленуші оған жаңа құлып сатып алуды сеніп тапсырған. Орнатқаннан кейін ер адам оған бес кілттің төртеуін беріп, бір данасын өзіне қалдырған.

Бір айдан кейін, 2026 жылғы қаңтарда, ол өзінде қалған кілтті пайдаланып, пәтерге заңсыз кіріп, ASEL маркалы ас үй пешін ұрлап кеткен.

Сот шешімі

Сарысу аудандық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде өкінуі мен шығынды ерікті түрде өтеуі ескерілді. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

Бастапқыда оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда қорғау тарапы үкімге шағым түсірді.

Апелляция жазаны жеңілдетті

Апелляциялық алқа іс материалдарын зерделей келе, жазаны жеңілдету қажет деген қорытындыға келді. Нәтижесінде бас бостандығынан айыру мерзімі 2 жылға дейін қысқартылды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 478.78   558.43   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети