Жамбыл облысында тұрғыннан жарты тоннадан аса марихуана тәркіленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында тұрғыннан жарты тоннадан аса марихуана тәркіленді Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан аса кептірілмеген марихуана табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының тұрғынынан жарты тоннадан аса кептірілмеген марихуана табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 шілдеде "Қарасора-2022" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы аумағында пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жабайы сораны жинап жатқан 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Полиция қызметкерлері күдікті ұсталған маңды тексеру барысында Уля атты қызметтік ит көмегімен шабылған жабайы қарасораны тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 517 келі "кептірілмеген марихуана" болып шықты. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Есірткі заттарын өткізу мақсатында жинағаны дәлелденген жағдайда, күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген", - деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети