03 тамыз 2015 | 10:06

Жамбыл облысында түрмеден қашып, полицейді атып кеткен адамға жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvtula.com © tvtula.com

Жамбыл облысында түрмеден қашып, полицейді атып кеткен адамға жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында түрмеден қашып, полицейді атып кеткен адамға жаза тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 03 тамызда Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 96-бабы 2-бөлігі "б,ж" тармақтары және 251-бабы 3-бөлігімен сотталған азаматқа қатысты атышулы қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс құжаттары бойынша, Қордай ауданының тұрғыны бұрын ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

"Сотталушының бұған дейін жасаған қылмыстық іс-әрекетін әшкерелеуге Қордай АІІБ бастығының орынбасары өз ықпалын тигізген. Сотталған азамат түрмеде отырған кезінде полиция қызметкерінің кесірінен бас бостандығымнан айырылдым деп ойлап, кек алу мақсатында жәбірленушіні өлтірмек болған. Қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында ол қоныс колониясынан қашып, атыс қаруымен қаруланып, жәбірленушінің жүретін жолын аңдып, оған тапаншадан бірнеше рет оқ атып, өлтірді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық ойын соңына дейін жеткізген ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Осыған байланысты оған түпкілікті 27 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны түзеу колониясының ерекше режимінде, алғашқы үш жылын түрмеде өткізу белгіленді.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети