08 тамыз 2017 | 12:36

Жамбыл облысында үйлену тойында атыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда полицейлер қала орталығында әуеге оқ атқан екі жігітті ұстады, - деп хабарлайды patrul.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда полицейлер қала орталығында әуеге оқ атқан екі жігітті ұстады, - деп хабарлайды patrul.kz.

6 тамызда 19:30-да Жедел әрекет ету орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы "Тектұрмас" көпірінде бір топ жас адамдардың үйлену тойы кортежінде жүргенін байқаған. Олардың арасында жүрген екі адам әуеге оқ атқан. 

Оқиға орнына "Буран-30" және "Буран-21" экипаждары криминалдық полиция мен ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аттанды. 

Құқық қорғау қызметінің мамандары бірнеше минуттың ішінде оқиға орнына жетіп, 19 және 20 жастағы екі қала тұрғынын ұстаған. 

Полицейлер тінту жүргізіп, бір күдіктінің үйінен 7,62 мм калибрлі CZ-858 маркалы автомат тапқан. Оның оқтары болмаған. Қару оның әкесінің атына тіркелгені анықталды. 

Күдіктілер өз кінәларын мойындап, Тараз қалалық уақытша ұстау изоляторына жабылды. Баллистикалық сараптама тағайындалды. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 4-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық, қылмыстық топ жасаған атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер") бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети