15 қараша 2022 14:26

Жамбыл облысында заңсыз алтын өңдейтін жерасты цехы анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбылдық полицейлер жерасты цехынан 10 тоннаға жуық алтын кенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жамбылдық полицейлер жерасты цехынан 10 тоннаға жуық алтын кенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полиция қызметкерлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты.

Жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлі ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, екі үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылдған.

Қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болған.

Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны болып табылатын 37 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети