28 тамыз 2021 | 10:25

Жамбыл облысындағы жарылыс туралы фейк таратқан Instagram қолданушысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© polisia.kz © polisia.kz

Полиция әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жарылыстар туралы жалған ақпарат таратқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жарылыстар туралы жалған ақпарат таратқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамызда Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг кезінде полиция белгісіз ер адам Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағындағы жарылыстардың қуаты күшті екенін, сондықтан оны жою мүмкін емесін, сонымен қатар, денесі жұлынған адамдар барын айтқан видео анықтады. 

"Бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер Тараз қаласының 26 ​​жастағы тұрғынын ұстады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағына сәйкес ("Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату") соталды тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Полиция мұндай қылмыс жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін соталды тергеудің қалған дерегі жария етілмеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети