19 мамыр 2015 | 17:34

Жаңаөзенде үш ер адам букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тimeskz.kz сайтынан Тimeskz.kz сайтынан

Жаңаөзенде қаруланған үш адам "Inbet" букмекер кеңсесіне шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Лада". Басылымның мәліметінше, бетперде киген үш еркек ғимараттағы қызметкерлердің ақшасын алып кеткен.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңаөзенде қаруланған үш адам "Inbet" букмекер кеңсесіне шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Лада". Басылымның мәліметінше, бетперде киген үш еркек ғимараттағы қызметкерлердің ақшасын алып кеткен.

Оқиға туралы полицейлерге жергілікті тұрғын хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен жедел тергеу тобы бетперде киген қарулы ер адамдардың кассадағы ақшаны талап еткенін анықтады. Олар 15 мың теңге алып кетті. Қашып бара жатқан күдіктілердің бірі оқ атып, нәтижесінде екі адам жарақаттанды. Жәбірленген 23 және 24 жастағы екі жігіт қалалық ауруханаға жеткізілді. Оқтың нақты қандай қарудан атылғаны әзірше белгісіз. Аталған деректерге сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда компания қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасалып, 9 миллион теңгенің қолды болғаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл 8 мамырда түске қарай болған. Қаза болғандар бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети