10 ақпан 2017 12:39

Жанболат Мамайға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр - Ұлттық бюро

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанболат Мамай. © facebook Жанболат Мамай. © facebook

Антикоррупция қызметі Жанболат Мамайға қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.


Антикоррупция қызметі Жанболат Мамайға қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдеріне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ Директорлары кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, Жаксылық Жарымбетовқа және өзге тұлғаларға қатысты банк қаражатын жымқыру деректері бойынша қылмыстық істің тергеуін жалғастырып жатыр.

"Тергеу барысында Мамай Жанболат Мамайұлының Әблязовтың Қазақстандағы сыйбайласы екендігі анықталды. Ол БТА Банкінің қаражатының бір бөлігін "Саяси қалам: Трибуна" газета арқылы заңды қаржылай операциялар түрінде жымқырған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Ұлттық бюроның қаржы құжаттары табылуы мүмкін делінген жерлерде тінту шараларын жалғастырып жатқаны хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети