Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Жантүршігерлік қылмысын мойындаған экс-полицейдің хатынан кейін астаналық тергеушіге қатысты тергеу басталды

15 Тамыз 2016, 17:47
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Атырауда жантүршігерлік қылмысын мойындаған экс-полицей Өтеуовтің хатынан кейін полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясының 2016 жылдың 10 тамызында Астана қаласының 1992 жылғы тергеушісіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілгені хабарланып отыр.

"Тергеуші лауазаымдық өкіліеттіліктерін асыра пайдаланды және Атырау қалалық ІІБ-де тергеуші ретінде лауазымдық міндеттерін орындау кезінде кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты деген күдікке ілініп отыр", - делінген соттың хабарламасында.

Еске сала кетейік, мұның алдында БАҚ беттерінде Өзбекстан азаматын өлтірді деп сотталған экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ІІБ-ның кейбір қызметкерлерінің бірнеше қылмыс жасалды деген фактілер көрсетілген ашық жүгіну хаты жарияланған болатын.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аталған фактілерді тексеру үшін ведомствоішілік жедел-тергеу тобын құрған болатын. Қазіргі таңда аталған жедел-тергеу тобы полиция қызметкерлеріне қатысты бірнеше қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұған дейін сот оларға қатысты бұлтарпау шарасына санкция берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай