23 қыркүйек 2014 12:49

Жапониялықтардың апатқа ұшырауына кінәлі екі тракторшы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысында жол апатына себепші болған екі тракторшы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жол-көлік оқиғасының салдарынан Жапонияның екі азаматы мен Алматы облысының бір тұрғыны қайтыс болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Қарағанды облысында жол апатына себепші болған екі тракторшы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жол-көлік оқиғасының салдарынан Жапонияның екі азаматы мен Алматы облысының бір тұрғыны қайтыс болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Қарағанды облысы Шет аудандық соты Ақой ауылының екі тракторшысына үкім шығарды, олар габариттік шамдарын жақпастан жол бойында бір-бірін сүйреп жүріп, жол-көлік оқиғасын туғызды айыпталды. "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне соқтырған жол ережесін бұзу" бабымен айыпталған тракторшылардың әрқайсысы алты жыл жазадан арқалады. 

"Сотталушылардың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және қылмыстың қасақана жасалмағанын ескеріп, сот олар жазаларын қоныс-колонияларды өтеуі тиіс деп шешті", - дейді судья Ерлан Үшбаев. Тракторшылар жол-көлік оқиғасын туғызды деген айыпты мойындамады, олар тас жол бойында электр жарығын әкімдік орнатуы тиіс деп отыр. Сонымен бірге, олар Toyota-ның тракторларға қатты жылдамдықпен келіп соғылғанын, соның салдарынан екі трактордың да жол жиегіне ауып кеткенін айтты.

Сотталушылардың адвокаты да өз клиенттерінің кінәсіз екенін мәлімдеді. "Көктенкөл елді мекенінен Қарағандыға шығар алдында геологиялық барлау кәсіпорнының өкілдері арақ ішкен. Олар мұны сот залында мойындады. Бірақ Toyota жүргізуші спирттік ішімдік ішкен жоқ деді. Бұған қоса, жүргізуші Қарағандыға асығып бара жатқан, себебі олар бір сағаттан соң Астананың теміржол вокзалынан пойызға отыруы тиіс болған", - дейді адвокат Ғаділ Асқаров. Ол сот үкіміне шағым келтіргелі отыр.

Еске сала кетейік, Қарағанды облысында бұл жол-көлік оқиғасы өткен жылдың 26 қазанында болған еді. Қарағанды - Жезқазған тас жолында екі трактор бір-бірін троспен сүйреген. Тракторшылардың екеуі де жарықтарын қоспаған және жарық шағылыстыратын белгілер орнатпаған. Жолдың көріну мүмкіндігі нашар кезінде ЮМЗ тракторының шөп тасуға арналған тіркемесіне Toyota автокөлігі соғылады. Апат салдарынан оқиға орнында автокөліктің үш жолаушысы - Алматы облысы Қарасай ауданының 42 жастағы тұрғыны және Жапонияның 67 және 48 жастағы екі азаматы қайтыс болды. Toyota-ның 29 жастағы жүргізушісі мен 60 жастағы жолаушысы жарақат алды, бұл жолаушы да - Жапонияның азаматы.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жапониялықтардың Қазақстанға сол қайғылы оқиғадан бес күн бұрын келгені анықталды. Алматылық "Даламайнинг" ЖШС бас директорымен, екі геологпен және бір алматылық аудармашымен бірге олар Шет ауданындағы Көктенкөл елді мекеніне пайдалы қазбаларды зерттеуге келген. Жол апаты Жапония азаматтары отырған Toyota Қарағандыға қайтқан кезде болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети