30 мамыр 2023 17:08

"Жәрдемақы алып беремін": Жетісу облысында тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісуда ауыл тұрғындарына мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеп беруге уәде еткен 50 жастағы алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жетісуда ауыл тұрғындарына мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеп беруге уәде еткен 50 жастағы алаяқ әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Панфилов ауданының полицейлері Жаркент қаласының 50 жастағы тұрғынын күдікті деп таныған бірқатар алаяқтықтарды тергеуді бастады.

Жәбірленушілер мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны ресімдеуге жәрдемдесуге уәде берген бейтаныс әйелге қатысты шаралар қабылдауды талап етеді. Олардың әрқайсысы ресімдеу процесін тездету үшін күдіктіге 100-300 мың теңгеге дейін бергендігі белгілі болды.

"Жергілікті тұрғын анықталып, аудан бөліміне жауап алу үшін жеткізілді. Әйелдің дәрігер емес екендігі және оның осындай жәрдемақыларды тағайындауға жауапты МӘС-пен (медициналық-әлеуметтік сараптама) ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірген залал шамамен 1,5 млн теңгені құрады", деді Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети