Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген видео кадры

Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Жаркентте ер адам қызғаныштан сүйіктісінің үйін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер мәліметінше, Панфилов аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ер адам үйін өртеп жіберген белгісіз біреуге шара қолдану туралы жазбаша өтінішпен жүгінген. Жәбірленуші алдын ала шығынды 25 миллион теңгеге бағалаған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қасақана өрт қойды деген негізді күдікке ілінген 24 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Күдікті осы үйде тұратын қызды танитын болып шықты. Ол оның телефон қоңырауларына жауап бермеген, бұл оның ашуын және қызғанышын тудырған. Артынша ол үйге жасырын кіріп, оны ішінен өртеп жібереді. Өрт оқшауланып, көрші үйлер мен тұрғын үйлерге таралу қаупі жойылған", - деді полициядағылар.

Дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі "Қасақана өрт қою" бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Ұсталғанға қатысты "келуге міндетті" процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.33  course up  586.76  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети