18 қараша 2020 18:58

Жарының 20 мың теңге қарызы үшін әйеліне шабуыл жасалған - Қостанай полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері Қостанайда ер адамның әйелге пышақпен шабуылдағаны туралы ақпараттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция қызметкерлері Қостанайда ер адамның әйелге пышақпен шабуылдағаны туралы ақпараттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті әйелге пышақпен шабуылдаған қостанайлық қарыз үшін қылмыс жасағанын хабарлады.

Белгілі болғандай, қостанайлық тұрғын ақша үшін 38 жастағы әйелге шабуыл жасаған.

"Болған жағдайдың алдын-ала себебі - ақшалай қарыз. Жәбірленушінің жары күдіктіге 20 000 теңге қарыз болған. Олар бір-бірін біледі, бір ауданда тұрады", - деді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Күдікті сол күні ұсталды, одан жәбірленушінің сөмкесі мен пышақ тәркіленді. Ол мас күйінде болған. Әйел аман, оны қысқы киім құтқарып қалған.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қостанайда ер адамның пышақпен әйелге шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған болатын. Белгілі болғандай, адам өлтіруге оқталды деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталған. Ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети