12 сәуір 2014 | 18:50

Жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ҰҚТ басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Павлодарда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы сотталды, Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы сотталды, Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық қадағалау органы таратқан мәлімет бойынша, қылмыстық топтың 30 жастағы жетекшісі "Ұйымдастыру және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұстады" және "Жеңгетайлықпен айналысты" секілді бірқатар бабтар бойынша кінәлі деп табылған.

"Сот үкімімен Сұңғат Сәбитов 8 жылға бас бостандығынан айырылса, жеңгетайлық қызметте оның сыбайласы болған Мира Жақұп та өз жазасын темір тордың арғы жағында өтейтін болады", - делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

Жедел іздестіру тобының қызметкерлері ҰҚТ басшысының притонына қыздарды жоғарғы жалақы төлейтін массажист қызметіне іріктеудің жүріп жатқаны туралы газетте жарияланған хабарландыруды оқығаннан кейін барған. "Біздің қызметкер газетте көрсетілген телефон нөміріне хабарласқанында, ондағылар негізгі жұмыс жыныстық қатынас қызметін көрсетуге бағытталғанын  ашық айтып, келісімге келу үшін жолығып кетуін сұраған. Жедел-іздестіру шарасы барысында секс-притон қаладағы монша кешендерінің бірінде орналасқаны анықталды. Сондай-ақ, ол жердегі жыныстық қатынас қызметін көрсету жұмысына бірнеше қыздың тартылғаны, олардың арасында жасөспірімдер де бар болып шықты",- делінген мәліметте.    

Еске саламыз, тапаншамен қаруланған сол бір ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы ағымдағы жылы наурыз айында ұстаған болатын. Кейін анықталғанындай ол Павлодардағы моншалардың бірінше притон ұстап, жасөспірім қыздарды сексуальды құлдыққа сатумен де айналысып келген. Әлгі ер азамат жасөспірімдердің мойынына қарыздар іліп, ал қарыздарын қайтара алмағандарды газетте хабарландыру берген жеңгетайларға келісім арқылы клиенттерге беріп отырған. Белгілі болғанындай жеңгетайлықпен айналысқандар жасөспірім қыздардың қызметі үшін 5 мың теңгеден сұрап келген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети