Алматы қаласы Бостандық аудандық № 2 соты Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студентінің өліміне қатысы бар күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы Бостандық аудандық № 2 соты Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студентінің өліміне қатысы бар күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күдікті - ҚазҰАУ-дың 20 жастағы студенті Тойчибек Асамов. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 12 сәуірде ұсталды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") және ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Қорқытып алу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және күш қолдану") бойынша жүргізіліп жатыр.
Прокурор Мақсат Әбиров. © Tengrinews.kz
12 сәуірде түнгі сағат екі шамасында күдікті Асамов Тойчибек Хайруллаевич (1996) Сейфуллин, 542 мекенжайында болып, Дидар Болысбектің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiріп, өлтірген. (...) Сонымен қатар, 2017 жылы наурызда күдікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолданған, оны қорқытып, ақшасын тартып алған", - деді сотта прокурор Мақсат Әбиров.
Прокурор күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы өтініш білдірді.
Бостандық аудандық № 2 сотының тергеу судьясы Адиль Бакин. © Tengrinews.kz
Судья Адиль Бакин күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға үкім шығарды. Осылайша, Тойчибек Асамов 12 маусымға дейін тергеу изоляторында болады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Төбелес болған жер. Жатақхана аумағы. © Tengrinews.kz