Мамандар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жатақханада болған төбелестен қаза тапқан 17 жастағы студент Дидар Болысбектің денесінен зорлық белгілерін таппады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғары оқу орнының ректоры Тілектес Есболов телефон арқылы айтып берді.
Мамандар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жатақханада болған төбелестен қаза тапқан 17 жастағы студент Дидар Болысбектің денесінен зорлық белгілерін таппады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғары оқу орнының ректоры Тілектес Есболов телефон арқылы айтып берді.
"Ол жерде күтпеген клиникалық өлім. Оның денесінен сырылған немесе соққы іздері табылған жоқ. Онда кезекшілер 12-ге дейін болды, содан кейін кетіп қалған. Мен әрдайым балалармен, студенттермен біргемін. Мен түнде Түркиядан ұшып келдім, онда бүкіләлемдік конгресс өтті. Таңертең жатақханаға келдім. Бұлар - менің балаларым, мен осылар үшін өмір сүріп, жұмыс істеймін. Маған өте ауыр тиді", - деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов.
ҚазҰАУ әкімшілігіндегілер Дидар Болысбектің жақсы оқығанын және жақында грантқа ауысқанын айтты. "Болысбек Дидар Қайырбекұлы 1999 жылы 30 қазанда дүниеге келген. Тараз қаласының тумасы. Ол біздің Орман, жер ресурстары және фитосанитария факультетінде оқыды, тәртіпті әрі оқу озаты болды. Басында ол ақылы түрде оқып жүрді, кейінірек сабағын жақсы оқып, грантқа ауысты. Университеттің барлық қызметкері, барлық студенті Дидардың ата-анасына көңіл айтады", - деді ҚазҰАУ әкімшілігіндегілер.
ҚазҰАУ әкімшілігіндегілер қайтыс болған студенттің отбасына көмек көрсетілетіні оның ішінде материалдық көмек те көрсетілетінін жеткізді. Дидардың ата-анасы мен факультет деканы оның денесін Таразға алып кетті. Тасымалдауға жоғары оқу орны көмектесті. "Бұл біздің де баламыз. Біз қатты алаңдаулымыз", - деді әкімшіліктегілер.
Сонымен қатар, тілшінің төбелеске қатысқан қалған тоғыз баланың есімдері кімдер деген сұрағына, әкімшіліктегілер тергеу жүріп жатқандығын және ресми түрде тергеу қорытындысы бойынша жарияланатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Төбелес болған жер. Жатақхана аумағы. © Tengrinews.kz