17 тамыз 2015 | 20:12

Жазушы Есенжол Домбаевтың баласы әкесінің өлімінің мән-жайын анықтауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат Домбай. © Facebook Қуат Домбай. © Facebook

Полиция қазақстандық жазушы Есенжол Домбаевтың қаза тапқан жол апаты жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция қазақстандық жазушы Есенжол Домбаевтың қаза тапқан жол апаты жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға жайлы Есенжол Домбаевтың баласы Қуат Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Ол бірінші техникалық тексерістің жүргізушінің соқтығысудың алдын ала алатынын көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, кейін іс созылып кеткен. "2015 жылдың сәуір айында Якупов Ш.Т. менің әкемді Жандосов көшесінде көлігімен соғып кетті. Әкемді жерледік. Қазір жол полцициясы басқармасының тергеушісі бізді шақырып, қылмыстық істі тоқтатып жатқанын хабарлады. (...)", - деп жазды ол.

Ол прокурордан бұл іске айрықша назар аударуды сұрап отыр. "Алматыда жаңа Үсенов пайда болып жатыр және заңға жол-көлік оқиғасында кісі өлімі болса жауапкершіліктен құтыла алатындай жағдайдың болатыны туралы жаңа түзетулер енгізгеннен кейін кінәлінің жауапкершіліктен құтылатыны жайлы бекер ойлаймыз. (...) Бостандық ауданының құрметті прокуроры. (...) Қазір сізге іс келеді, болған оқиғаның заңдылығы тексерілуі керек. Заң қайда және әкемді өлтірген адамның жазадан құтылатынын, тіпті қылмыстық істің де болмайтынын қалай түсінуге болады", - деп жазды Қуат Домбай.

Алматы қалалық ІІД мәліметінше, кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы сәуір айында Жандосов көшесінде сағат 20.00-де болды. Бір ер адам жүргізіп келе жатқан Chevrolet Suburban көлігі Есенжол Домбаевты қағып кеткен. Ер адам алған жарақатынан қаза болды. Бұл учаскеде жер асты өткелі бар. Алайда, ер адам, қандай да бір себептермен өзінің қауіпсіз екенін бағамдамастан көшенің көлік жүретін жолында белгіленбеген жерде солтүстік бағытқа қарай өтпекші болған", - деді Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Болған оқиға дерегіне сәйкес "Көлік құралын жүргізген тұлғалардың жол қозғалысы ережесін бұзуы және көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. "Сарапшының қорытындысына сәйкес, Chevrolet Suburban жүргізушісі шектеусіз бақылау мен реакцияның минималды уақытында жаяу жүргіншіні қағудың алдын алуға және жаяу жүргінші линиясында автомобилін тоқтатуға мүмкіндігі болмаған", - деп хабарлады Әзірбек.

Осыған байланысты анықтаушы қылмыс құрамының жоқтығына байланысты қылмыстық өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдады. "Бұл соңғы шешім дегенді білдірмейді, анықтаушы осылайша жүргізушіні ақтайды деген сөз емес. Қылмыстық қудалау кезінде іс бірнеше мәрте тоқтатылады, анықтаушы бұл шешімді қабылдауы тиіс, себебі бұл жағдайда сараптама жүргізген адамның қорытындысы бар, онда жүргізушінің адам қағуының алдын алуға мүмкіндігі болмағаны айтылады", - деді ІІД өкілі.

Қазіргі уақытта іс материалдары аудан прокурорына зерттеуге жіберілді, онда прокурор полицияның қабылдаған шешімімен келіседі немесе істі тергеуге жібереді. "Қазір біз прокурордың шешімін күтіп отырмыз", - деді Әзірбек. Айта кетейік, жүргізуші болса, процессуалдық нормаларға және сот шешіміне сәйкес қамауда отырған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети