Алматы облысында сот Жібек Мусинованың апелляциялық арызын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысында сот Жібек Мусинованың апелляциялық арызын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот үкімі шығатын сәтте Жібек Мусинова өзін нашар сезініп, оның жақындары мен қорғаушысы Айман Омарова сыртқа алып шықты.
Сотталғандардың туыстары өздерін сот залына кіргізбегені үшін жанжал шығарды. Кейінірек оларды кіргізе бастады. Сот төрт сотталушыға қатысты алдыңғы шығарылған сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Осыған наразы болған төрт жігіттің туыстары сотта тәртіпсіздікке жол берді.
Алматы облысының соты Жібек Мусинованың апелляциялық шағымын қарастыру ісі бойынша қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады. Бірінші инстанцияда өткен сот отырысында Жібек Мусиноваға қатысты іс бойынша сотталушылардың жақтастары тәртіпсіздік көрсетіп, сот приставы мен полиция қызметкерін балағаттаған. Осы дерек бойынша, Алматы облысының соты қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қосымша күшейтулерді іске қосады
Еске салайық, 2016 жылы 28 қарашада Есіктегі Еңбекшіқазақ аудандық соты Жібек Мусинованы зорлады делінген сотталушыларға қатысты сот үкімін шығарды. Асхат Бектұрсын 10 жылға дейін, Алмас Ермеков 9,5 жылға дейін, Ербол Ермеков 8 жылға дейін, ал Елтай Нұрбол 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.