"Жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген". Ақтөбеде ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйып жіберген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Ақтөбе тұрғыны әйелінің үстіне қайнаған су құйып жіберген және жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе тұрғыны әйелінің үстіне қайнаған су құйып жіберген және жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға үйде, балалардың көзінше болған. Күйік пен ауырсынудан әйел тіпті қозғала алмаған. Күйеуі екі күн бойы әйеліне жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген, қол-аяғын сындырамын деп қорқытқан, деп жазады басылым. Бұл жағдай "Не молчи" қоғамдық қорында айтылды. Әйел күйеуі жұмысқа кеткенде ғана жедел жәрдем шақырған.

"Ауруханаға полиция шақырылған, бірақ мұндай сұмдықты басынан өткерген әйел арыз жазудан бас тартты. Полиция арыз қабылдамады. Зорлаушы, маскүнем әйелін одан ары  қинайтынына бәрі көз жұмды", - деп жазды құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста. Әйел жүкті болған кезде күйеуі оның басын жарған, бірақ сол кезде де әйел полицияға бармаған.

Фото: facebook.com/dina.tansari.kz

Бұл іске қатысты Ақтөбе полициясы пікір білдірді.

"Аурухана термиялық күйік шалған әйел түскені туралы хабарлады. Жәбірленушіден өз абайсыздығынан күйіп қалғандықтан, ешқандай шара қолданбау туралы арыз түскен. Бірақ әлеуметтік желіде ақпарат жарияланған соң, қосымша тексеру жүргізілді. Оның барысында жәбірленуші полицияға да, ауруханаға да арызданбаған отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері анықталды. Қазір одан күйеуіне шара қолдану туралы арыз түсті. Соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері.

Полиция мәліметінше, жәбірленушінің күйеуі қамауға алынған. Сондай-ақ, полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, құқық қорғау органдарына міндетті түрде хабарлауды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro