"Жедел жәрдем шақырыңызшы". Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда егде жастағы ер адам мектепте оқитын немересін ұрып-соққан. Болған жағдайдың видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда егде жастағы ер адам мектепте оқитын немересін ұрып-соққан. Болған жағдайдың видеосы Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан қарияның төсекте жатқан баланы аяғымен теуіп, ұрып-соққанын көруге болады.  Кішкентай бала бетін қолымен жауып, жан ұшыра көмекке шақырғаны көрінеді. Бірақ, ер адам ұрып-соғуын сонда да жалғастырады. Олардан бөлек жандарында жасөспірім мен кішкене бала бар.

Сондай-ақ, жанжалға әйел араласып, айғайламауды бұйырып жатқаны естіледі. Алайда кішкене бала жылауын тоқтатпай, жедел жәрдем шақыруды өтінеді. Видеода ол денесінің қанағанын және темірге қатты соғылғанын айтады.

Болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалмау үшін видео авторы телефонды жасырып, басқа бөлмеге бірнеше рет барады.

Назар аударыңыз! Видеода зорлық-зомбылық көрсетіледі!

Алматы Полиция департаменті оқиға 15 ақпанда Түрксіб ауданында болғанын хабарлады. 32 жастағы анасы  құқық қорғау органдарына арызды тек 6 наурызда түсірген. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, әйел ажырасқаннан кейін үш баласымен ата-анасының үйінде тұрып келген.

"Ол өзінің әкесі 2011 жылғы кәмелетке толмаған ұлын ұрғанын айтты. Әйелдің ата-анасымен жанжалдасып қалғаны белгілі болды. Мекенжайға жедел-тергеу тобы: аудандық учаскелік инспекторлар және ювеналды полиция басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі инспекторлары барды. Ер адам қалалық наркология диспансерінде мәжбүрлі емдеуден өтіп жүргені анықталды", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ұрып-соғу дерегі бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі "ұрып-соғу немесе тән ауруына әкеп соққан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтірмейтін өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау" бойынша материалдар жиналды. Сондай-ақ, балаға келтірілген дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Оның нәтижелері бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келген. Жиналған материалдар Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды. Жақын арада сот құқықбұзушыға қатысты шешім қабылдайды. Қазіргі уақытта әйел Алматы облысындағы туыстарымен бірге тұрады",- деді Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro