"Желіде әйелдерді алдаған". Нұр-Сұлтанда алаяқтың құрбандары іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Желіде әйелдерді алдаған". Нұр-Сұлтанда алаяқтың құрбандары іздестіріліп жатыр Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда Желіде жалғызбасты әйелдермен танысып, оларды түрлі жолмен алдаған ер адам ұсталды. Қазір тәртіп сақшылары оның құрбандарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Желіде жалғызбасты әйелдермен танысып, оларды түрлі жолмен алдаған ер адам ұсталды. Қазір тәртіп сақшылары оның құрбандарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің жасы 34-те. Ол 40-50 жастағы әйелдермен Алмас немесе Алмат ретінде танысқан. Ер адам банктің қауіпсіздік қызметінде немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін деп алдаған.

"Ол құрбанының сеніміне кіріп, жоғары ақы төленетін лауазымды жұмысқа орналасу бойынша түрлі қызметтерді ұсынған.

Алданған әйелдердің бірі тіпті оған несиеге телефон алып берген. Алаяқ несиені өзі төлеймін деп уәде берген. Тағы бір әйелден тазалау қызметіне беру үшін қымбат тонын алып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері 8-ден аса жәбірленушіні анықтады", - дейді полиция өкілі.

Ұсталған ер адам қылмыстарын мойындады. ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Алаяқ әрекетінен зардап шеккендер болса полиция департаментіне 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58 нөмері бойынша хабарласа алады. 8-775-601-11-00 немесе 102.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети