17 сәуір 2020 09:37

Желіде ер адамның полицеймен жанжалдасқан видеосы тарады: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Желіде ер адамның полиция қызметкеріне бағынбай, оған күш көрсеткені түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Желіде ер адамның полиция қызметкеріне бағынбай, оған күш көрсеткені түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға Қосшыдағы "Лесная поляна" тұрғын үй кешенінің №26 үйінің ауласында болғаны анықталды.

Полиция қызметкері елді мекенді бақылап жүргенде, төтенше жағдайға және Қосшы ауылындағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан кішкентай баласымен ойын алаңында жүрген бір әйелді байқайды.

Полиция қызметкерінің карантин режимін бұзғаны және үйге қайту туралы ескертуіне әйел жауап бермеген, керісінше, бірге тұратын ер адамға хабарласқан. Ол полиция қызметкерінің заңды іс-әрекеттеріне кедергі жасап, күш қолданып, жұдырық ала жүгірген. Дауға үлкен ұлы мен кездейсоқ жолаушы да араласып кеткен.

Қосшының 39 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Ал баласымен көшеде жүрген әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Төтенше жағдай режимiн бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта даудың үшінші қатысушысы - полиция қызметкеріне қатысты күш қолданған жолаушы іздестіріліп жатыр.

Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин аймақ тұрғындарына төтенше жағдай режимін бұзуға болмайтынын еске салды. 

"Енгізілген шектеулерді бәрінің де ұстануы керек. Полиция қызметкерлері көшелерді күзетіп, тұрғындардың карантин режимін сақтауын қамтамасыз етеді. Біздің барлық күш-жігеріміз бен әрекетіміз азаматтарымызға қарсы емес, олардың мүдделеріне бағытталған", - деді ПД басшысы Баймурзин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети