Екібастұзда Наурыз мейрамы күндері үш ер адам қарақшылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екібастұзда Наурыз мейрамы күндері үш ер адам қарақшылық жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 наурызда шамамен 13.00-де қалада Наурыз мейрамына орай іс-шаралар өтіп жатқанда үш ер адам орталық көшелердің бірінде орналасқан сауда және ойын-сауық кешеніндегі зергерлік бұйымдар сататын салонға кіріп барған. Олар гауһар тастары бар әшекей бұйымдарды көрсетуді сұраған. Осыдан кейін қаскөйлер әшекей бұйымдарды алып, сауда үйінен қашып шыққан.
Полиция оларды ұстап үлгермеген. Алайда тонаушылар видео бақылау камераларына түсіп қалған.
Ішкі істер басқарсмасының өкілдері әлеуметтік желілерде күдіктілер бейнеленген видеоларды жариялап, халыққа іздестіру жөнінде хабар берген.
Кейін "Полезный экибастузец" тобында видео жарияланды. Онда топтың әкімшісі бір адамның іздестіріліп жатқандардың жасырынған пәтерінің мекен-жайын айтқанын хабарлады. Ер адам пәтерін сол күдіктілерге жалға берген.
Екібастұздық ішкі істер басқармасының мәліметінше, күдіктілердің біреуі ғана ұсталған. Ол Қарағанды облысының тұрғыны. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қалғандары іздестіріліп жатыр екен.