16 ақпан 2023 12:47

Желіде жігітті ұрып-соққан қыздың видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде жігітті ұрып-соққан қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде жігітті ұрып-соққан қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан ол одан ақша талап етіп жатқанын көруге болады.

"Талдықорған қаласында жасөспірім қызды соққыға жыққан қыздар туралы тақырыптың жалғасы ретінде тағы бір видео келді. Видеода Құндыз есімді қыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатыр", - делінген Telegram-арнасындағы видеоның сипаттамасында.

Ішкі істер министрлігі аталған факт бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданы ПД-да ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Іс жүргізу аясында заңсыз әрекеттің мән-жайы анықталады.

Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 2005 жылы туған Б.-ның ювеналдық полицияның есебінде тұрғанын хабарлаймыз. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау дерегі бойынша қыздың анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша материал жиналды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети