Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы рестобар маңындағы жанжал түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі eKaraganda сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы рестобар маңындағы жанжал түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі eKaraganda сайтына сілтеме жасап.
Барға келушілердің бірі ауызша кикілжің басталғанын ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Кадрдан мекемеде топырлап тұрған адамдарды көруге болады. Біреуі соғып, қарсылас оған жауап беруге тырысады, ал басқалары оларды ажыратуға тырысады.
Еске салайық, 2023 жылы 30 сәуірде Қарағандыда түнгі сағат 2:00 шамасында TEDD мейрамханасының жанында екі ер адам арасында ауызша жанжал болып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Жанжал кезінде 24 жастағы жігіт 19 жастағы жігіттің бетінен жұдырықпен ұрған, жәбірленуші жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!