Алматы полициясы Желіде мысықтардың басы кесілген суреттер жарияланғаннан кейін ер адамға қатысты іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полициясы Желіде мысықтардың басы кесілген суреттер жарияланғаннан кейін ер адамға қатысты іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы қаласының тұрғынын жануарларды қатігездікпен өлтірді деп айыптаған. Олардың айтуынша, ол өлген мысықтардың суретін Желіге жүктеген. Еріктілердің айтуынша, олар ер адамнан өз ісін түсіндіруін талап еткен, алайда ол қоқан-лоқы көрсетіп, жауап қайтарған.
Алматы ІІД баспасөз қызметі осы жағдайды әлеуметтік желі арқылы 3 қыркүйекте білген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы ("Жануарларға қатыгездiк жасау") бойынша қозғалған. Сараптамалар тағайындалған, оның ішінде сот психиатрлық сараптама да бар.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті бұрындары үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған - денсаулыққа зиян келтіру, ұрлық және жол-көлік оқиғасы үшін. Ол шартты түрде босатылғандар тізімінде тұр.