Желіде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті ұстау сәті түсірілген фото пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті ұстау сәті түсірілген фото пайда болды Әлеуметтік желілердегі фото

Әлеуметтік желілерде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновті ұстау сәті делінген фотосурет пайда болды. Суретте спортшының жол-көлік оқиғасы салдарынан зақымдалған көлігі бейнеленген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Фотосуреттен көрініп тұрғандай, қара түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігі соқтығысу салдарынан айтарлықтай зақымдалған.

Суретке қарап, негізгі соққы көліктің алдыңғы сол жақ бөлігіне тигенін аңғаруға болады: бампері толығымен қираған, қанаты мен капоты қатты майысқан, блок-фарасы зақымдалған, ал доңғалақ доғасының пластик қаптамалары жұлынып, дөңгелекке қарай салбырап тұр.

Көлік ағаштар мен тұрғын үйлердің фонында жол жиегінде тұр, сурет күн жарықта түсірілген. Артында жарқылдауық маяктары қосулы полиция көлігі көрінеді.

Данияр Елеусиновтің ұсталуы

Бүгін таңертең Астанада полицейлер екі бірдей жол-көлік оқиғасына қатысы бар Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісін ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser жүргізушісі басқа көліктермен соқтығысып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Ер адамнан алкогольдік мас болу белгілері анықталды.

Полиция Tengrinews.kz тілшісіне рөлде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусиновтің болғанын растады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +29
Ақтау +29
Ақтөбе +31
Атырау +25
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +29
П
Павлодар +31
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +27
О
Орал +30
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер