16 шілде 2021 | 16:39

Желіде вакцинация паспортын сататын чат анықталды

Фото: Тұрар Қазанғапов/tengrinews

Қазақстандық блогер Александр Цой Желіде жалған вакцинация паспортын сатумен айналысатын чатты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық блогер Александр Цой Желіде жалған вакцинация паспортын сатумен айналысатын чатты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Александр Цойдың айтуынша, чат Telegram мессенджерінде ашылған. 

"Telegram-да қандай заңсыздық болып жатқанын қараңыз. Барлығы тұрақты коммерциялық жүйеге қойылған. Кейін олар вакцина адамдарды өлтіреді деп шығады", - деп жазды блогер Facebook-те.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

"Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Алынған деректерді алдын ала талдау нәтижелері бойынша алаяқтық схема болуы мүмкін. Тексеру қорытындысына байланысты баға беріледі", - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

ІІМ мәліметі бойынша, Интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде мамандар мәліметтер базасында ресми тіркелген вакцинация паспортын немесе анықтамаларды дайындау туралы жалған ұсыныстарды анықтайды. Шілденің басынан бері 46 хабарландыру анықталған, онда белгілі бір сомаға жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтама ұсынылады. Олардың бәрі уәкілетті органға бұғаттау үшін жіберілген.

"Хабарландыруларды талдау барысында олардың иелері Қазақстан аумағынан тыс жерде екені анықталды. Сондықтан бұл алаяқтық схема болуы мүмкін. Сақ болыңыз! Алаяқтардың құрбаны болуыңыз мүмкін.

Ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтамалар мен вакцинация паспорттарын сату дерегін анықтау бойынша басқа да іс-шаралар жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пунктерін жалған құжаттарды беру дерегі бойынша тексеруді жалғастырады", - деді ІІМ өкілі.

Полиция Қазақстан азаматтарын заңды бұзбауға шақырды.

Айта кетейік, мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная