02 шілде 2021 15:44

Қазақстанда вакцинация паспортын қолдан жасағандар қалай жазаланады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Вакцинация паспортын қолдан жасағандар қылмыстық жазаға тартылады. ІІМ қанша жағдай анықталғанын және олар қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вакцинация паспортын қолдан жасағандар қылмыстық жазаға тартылады. ІІМ қанша жағдай анықталғанын және олар қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметі бойынша, жыл басынан бері ішкі істер органдары өндірісіне вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс түскен. Алматыда екі дерек, Алматы және Ақмола облыстарында бір-бірден анықталған. Қазіргі уақытта соталды тергеу жалғасып жатыр.

Мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

"Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді", - деді ІІМ баспасөз қызметі өкілі.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жаза жалған вакцинация паспортын ағандар үшін де қарастырылған.

"Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар", - деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы жалған құжат сатып алған қазақстандықтар жасырын түрде вакцинация паспортын қалай алғаны жайлы әңгімелеп берген еді.

Жалған вакцинация паспортын жасау қылмыстық жазаны көздейді, сонымен қатар халыққа қауіп төндіреді. Өйткені ол адам коронавирус жұқтырып, жақындарына да таратуы мүмкін. Сонымен қатар, жалған вакцина салдырған адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы немесе тіпті өлімі халықтың вакцинаға деген сенімін төмендетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети