Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі бес күнге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ақан Сері көшесінің бір бөлігі бес күнге жабылады Фото: depositphotos.com

Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ақан сері көшесінің бір учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Қалалық қызметтер мәліметінше, 14 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралық толығымен жабылады.

Шектеулер жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр.

Жұмыс жүргізу кезінде учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытындағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, баламалы жолдарды таңдау сұралады.