ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2022 | 09:48
Жеңілдетілген автонесие алаяқтардың жаңа айласына айналды
Телефон алаяқтары қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесиені ұсынып хабарласа бастаған. Олар өздерін банк немесе автосалон қызметкерлеріміз деп таныстырып, қысқа мерзімде іс қағаздарын жүргізуге көмектесеміз деп уәде береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әңгімелесушінің психологиясын зерттеген алаяқтар одан жеке деректерін (банк деректемелері, шот нөмірлері, CVC кодтары) алуы мүмкін. Азаматтарды сақ болуға, үшінші тұлғамен сөйлескенде құпия жеке мәліметтерді айтпауға шақырамыз", - деді Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры Дәурен Дайыров.
Прокурор адамды алдау немесе сеніміне қиянат жасау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также