Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тасжолы бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. 10 шілдеде ұзақ және үйлесімді жұмыс нәтижесінде алты адамнан тұратын топ ұсталды, олар жүйелі түрде ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлаған. Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған.

"Қылмыскерлердің бір схема бойынша әрекет еткені анықталды: олар түнде тасжолға шығып, жүк көлігі артында жүріп келе жатып, тасжолда жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдамақ болған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылыстыратын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан. Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, онымен түйісу кезінде ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақ көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі жүк көлігінің ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырады. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған. Біраз уақыттан кейін, сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматы қаласындағы таныстары көмектескен. Қазіргі уақытта бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр," – деді Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдікенов.

Оларды ұстау кезінде Жетісу облысының, Алматы қаласы және облысында 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізілді.

Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі ("Қылмыстық топ жасаған ұрлық") бойынша жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Полицейлер басқа зардап шеккен адамдарды анықтау және ұсталғандардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @alqabay_news

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети