04 маусым 2018 | 16:36

Жезқазған әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген брифинг барысында айтылды.


Иконка комментария блок соц сети

Жезқазған әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізген брифинг барысында айтылды.

Қарағанды облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет жедел-іздестіру шараларының барысында Жезқазған әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаевты әшкереледі. 

"Орынбаев ЖШС өкілінен "Жезқазғанның су жүргізу жүйелері реконструкциясы" нысаны бойынша атқарылған жұмыстарға кедергісіз қол қойғаны және "Өңірлерді дамыту - 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын өз уақытында төлеуге 550 мың теңге алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин. 

Оның айтуынша, Нұржан Орынбаев өз кінәсін толығымен мойындауына байланысты ұстау шарасы жүргізілмеген. "Сондай-ақ, пара берушілер де қылмыстық іске тіркелді. Осы деректер бойынша соталды тергеу жүріп жатыр", - деді Жахин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети