Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңге ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңге ұрлап кеткен

Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда банк қызметкері кассадан 29 миллион теңгені жымқырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 ақпанда Жезқазған қаласындағы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қалалық банктердің бірінен 25 жастағы қызметкер ақша ұрлады деген хабарлама түскен. Келтірілген шығын - 29 миллион теңге.

Оқиға болған жерге келген полиция қызметкерлері ақшаның банкке тиесілі екенін, ер адам жұмыс орнында жазба қалдырғанын анықтады.

Бір жарым айдан кейін жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындап, ақшаны өз қажетіне толық жұмсап жібергенін айтқан. Анықталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-ның 189-бабы 2-бөлімі ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені иемденген банктің екі қызметкері ұсталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети