31 қазан 2014 | 20:47

Жезқазғанда екі полиция қызметкері бір жыл бойы қару сатумен айналысқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Жезқазғанда екі полиция қызметкері жергілікті тұрғындардан тәркіленген, жойылуы тиіс қаруларды алдын ала тіркеу базасынан өшіріп, бір жыл бойы қару-жарақтарды сатумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы сот барысында белгілі болды. Сот полиция қызметкерлерін тұтқындауға санкция жариялады. Қару саудасы өткен жылдың қарашасынан биылғы жылдың қазан айына дейін жалғасқан. 

Иконка комментария блок соц сети

ІІБ лицензиялау-рұқсат беру жүйесі бөлімінің инспекторы және ІІБ тылдық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы қылмыстық іс тергеліп біткенше екі айға қамауға алынды. Олар Қылмыстық кодекстің 251-бабы бойынша "атыс қаруын және басқа да қару-жарақтарды сақтады, тасымалдады" деп айыпталды. Тергеу барысында анықталғандай олар 18 дана тапаншаны, карабинды, шолақ мылтықты және басқа да атыс қаруларын, оқтарды  қолды еткен. Негізінен қарулар ІІМ акциясы бойынша жойылуы тиіс болған. Полиция қызметкерлерінен қаруды Жезқазғанның және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары сатып алған. Сондай-ақ қауіпсіздік департаменті "Қазақмыс" корпорациясынан  өте ірі көлемде 113 дана қаруды жою үшін алыпты. Алайда полиция қызметкерлері олардың іске жарамдыларын өздері алып қалған. Бүгінде қаруларды сатып алушылардың есімдері анықталуда. Анықталған мекен жайларды полиция қызметкерлері аралап, қаруларды тәркіледі.

Айыпталушылар қару саудасын ресми құжаттарға, қабылдап алу, өткізу актілеріне жалған мәлеметтері жазу арқылы жасырған. Сыбайласқан қылмыстық топ пайда табу мақсатында ІІБ сейфінен қаруларды ұрлап алып отырған.  Бүгінде қару саудасына қатысты қылмыстық іс одан ары қарай тергелу үстінде. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети