Ішкі істер министрлігі өзін жоғары лауазымды тұлға ретінде таныстырып, ақшалай сыйақы үшін азаматтарға мемлекеттік қызметке немесе басқа да органдарға жұмысқа тұрғызамын деп уәде беріп жүрген Мұсаев Бақытжан Мырзахожаевтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Күдікті Мұсаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 390-бабы бойынша ("Билік өкiлiнiң немесе жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетiмен иемденіп алу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осыған ұқсас қылмыстық әрекеттерден зардап шеккендерге немесе қандай да бір мәлімет білетіндерден ішкі істер органдарына хабарласуын сұраймыз.