Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жол-көлік апатына кінәлі полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шығады

28 Наурыз 2014, 21:39
0
Фото tengrinews.kz
Фото tengrinews.kz

Астана қаласының ІІД-інде жол-көлік апатына кінәлі полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматы аудандық №2 сотының судьясы Әсем Рамазанова астаналық ІІД басшылығының сот отырысын ІІД қабырғасында өткізу туралы өтінішін қанағаттандырды. Келесі аптада  сотталушы Берік Тасыбаевқа қатысты үкім шығарылатын күн белгілі болмақ. Оның кінәсінан екі адам қаза тапқан болатын. Олардың бірі Тасыбаевтың әріптесі жол патрульдік полициясының қызметкері Бауыржан Юсупов. 

Бүгін судья сотталушыға қатысты үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығып кетті. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Берік Тасыбаевты айыпты деп тауып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

"Сот барлық құқық қорғау саласының қызметкерлеріне сабақ боларлық  әділетті шешім қабылдайды деп санаймын. Болашақта жол полициясы қызметкерлерінің өзі жол ережелерін бұзбасын, қылмыс жасамасын дегім келеді", - деді қайтыс болған Бауыржан Юсуповтың туысы.

"Мен ешкімнен кек алғым келмейді. Қылмыскер өз қолымен жасаған істі мойнымен көтерсін. Бұл адам он жыл мейлі 9 жыл түрмеде отырсын, бірақ біздің ұлымыз қайтып келмейді", - деді қайтыс болған Ерден Рамазанның әкесі Қайыржан Исупов.

"Мен өзімнің әріптесім Бауыржан мен Ерденнің қазасына кінәлімін. Менің кесірімнен біреу жарсыз, біреу баласыз қалды. Мен өз кінәмды толығымен мойындаймын. Осы жол апатында өзім неге өлмедім екен деп ойлаймын. Қандай жаза болса да көтеруге дайынмын" - деді Берік Тасыбаев көз жасын жасырмастан.

2013 жылдың 23 қарашасында Астанада таңғы сағат 5 шамасында Сейфуллин мен Республика даңғылының қиылысында жол-көлік апаты орын алған болатын. BMW-7 көлігінің рөлінде полиция қызметкері Бауыржан Юсупов өзінің әріптесімен бірге машина жүргізушісін наркологиялық диспансерге апара жатқан. Mercedes машинасының рөлінде сотталушы Берік Тасыбаев болған. Ол мас күйінде көлік айдап, қатты жылдамдықпен келіп   BMW-7 көлігіне соғылған. Екі көліктің соқтығысуынан Бауыржан Юсупов және 24 жастағы Ерден Рамазан қаза тапты. Екінші полиция қызметкері ауыр жарақат алды. Осы қылмыстық іс бойынша сот процесі 2014 жылдың 4 наурызында басталды.  

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай